Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
admin - Маңғыстау техникалық колледжі - Page 4

admin

🎬 Колледжімізде студенттердің қатысуымен маңызды тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді.

Шара барысында Бас прокуратураның үйлестіруімен түсірілген «Закладчик. Мать» атты деректі фильм көрсетіліп, студенттерге нашақорлықтың қоғамға, отбасыға және адам өміріне тигізетін ауыр зардаптары туралы кеңінен түсіндірілді. Фильм арқылы жастарға өмірлік құндылықтарды бағалау, заңға құрметпен қарау және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы жеткізілді. Іс-шараға колледж студенттері белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, тақырып төңірегінде пікір алмасты. Мұндай кездесулер…

Read More

✨ WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионаты өз мәресіне жетті!

Колледжімізде өткен WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін айқындаған маңызды алаңға айналды. Байқау барысында қатысушылар өз мамандықтары бойынша білімдерін, практикалық дағдыларын және кәсіби біліктіліктерін көрсете білді. Тартысты дода нәтижесінде үздік деп танылған студенттер анықталып, жеңімпаз атанды. 🏆 Жеңімпаз атанған студенттерді алдағы WorldSkills Aktau 2026 чемпионатында лайықты өнер көрсетіп,…

Read More

«DIGITAL START: AI • Smart • Future» атты облыстық форум өтті

2026 жылғы 6 ақпанда Ақтау қаласында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің базасында 2026 жыл – Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жылының ашылуына арналған «DIGITAL START: AI • Smart • Future» атты облыстық форум өтті. Форумда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөлі, заманауи оқыту бағыттары мен инновациялық шешімдер талқыланды. Аталған шараға Маңғыстау…

Read More

«NEW TOURISM COLLEGE: ДАМУДЫҢ ЗАМАНАУИ САТЫСЫ» тақырыбында облыстық форум өтті

2026 жылғы 4 ақпанда Ақтау қаласындағы Маңғыстау туризм колледжінде «NEW TOURISM COLLEGE: ДАМУДЫҢ ЗАМАНАУИ САТЫСЫ» тақырыбында облыстық форум өтті. Аталған форумға Маңғыстау техникалық колледжінен басшының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Жұбатқанова және жас маман, информатика пәнінің оқытушысы А.Агджигитова қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибе жинақтады. Форум барысында туризм саласын дамыту, заманауи білім беру…

Read More

🎉 WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні колледжімізде кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл чемпионат – студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды алаң. WorldSkills қозғалысы жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, олардың өз мамандығына деген қызығушылығы мен жауапкершілігін…

Read More

«Білім бағы» республикалық ғылыми-педагогикалық журналы

«Білім бағы» республикалық ғылыми-педагогикалық журналының 2026 жылғы қаңтар–ақпан айындағы санында Маңғыстау техникалық колледжі оқытушыларының әдістемелік материалдары жарияланды. Бұл – колледж ұжымының кәсіби шеберлігі мен педагогикалық ізденісінің нәтижесі, сондай-ақ білім беру саласына қосқан нақты үлесінің айғағы. Жарияланған материалдар оқу үдерісін жетілдіруге, заманауи әдістемелерді кеңінен қолдануға бағытталған. Әріптестерімізді шығармашылық жетістігімен құттықтай отырып, алдағы еңбектеріне толағай табыс тілейміз!…

Read More

Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілген ақпараттық кездесу

Дүниежүзілік сайлау күні аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сайлау үдерісінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Электоралдық принциптер – сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Л. Жонасов арнайы қатысып, студенттерге сайлау жүйесінің негізгі қағидаттары, сайлау заңнамасының талаптары, азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде ақпарат…

Read More

«Еңбекші әйелдердің, әлеуметтік саладағы рөлі: мәртебесі мен құқықтары»

Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымында «Еңбекші әйелдердің, әлеуметтік саладағы рөлі: мәртебесі мен құқықтары» тақырыбында дөнгелек үстел өтті. Маңғыстау техникалық колледжінен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Избасарова Нургул қатысты. Бұл іс-шараның басты мақсаты әйелдер мен олардың енбекке қосқан үлесін дәріптеу,қоғамдағы әйелдердің мартебесін арттыру, сондай-ақ еңбек қатынастарындағы әйелдерге қатысты мәселелерді талқылау болды.

Read More

“Адал азамат”

2026 жылғы 20 қаңтар күні Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің базасында өткен “Адал азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасын ТжКБ ұйымдарында тиімді іске асыру жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты – ТЖКБ ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын тиімді жүзеге асыру тетіктерін талқылау, тәжірибе алмасу және практикалық ұсыныстар әзірлеу. Іс-шара мазмұнды әрі тәжірибелік тұрғыда пайдалы…

Read More

Жұмсалған қаражат бойынша есеп берді

Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұргүл Избасарова жыл бойы атқарылған жұмыстар мен жұмсалған қаражат бойынша есеп берді. Есеп барысында қаржының мақсатты әрі тиімді пайдаланылғаны, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қолдауы мен мүддесін қорғауға бағытталған шаралар кеңінен қамтылды. Ашықтық пен жауапкершілікке негізделген бұл есеп — ұйым жұмысының жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Read More