Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
«Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында кездесу өтті. - Маңғыстау техникалық колледжі

«Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында кездесу өтті.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар адамгершілік құндылықтардың қоғамдағы рөліне тоқталып, құрмет пен жауапкершіліктің құқықтық мәдениетпен тығыз байланысты екенін талқылады. Қарым- қатынастағы келісім ұғымы – тек әдептілік емес, сонымен қатар заңмен қорғалатын маңызды қағида екені атап өтілді.

Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып, өмірлік жағдайлар арқылы өз көзқарастарын білдірді. Ашық диалог мәдениетті қарым-қатынас қалыптастырудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, саналы әрі жауапты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Құрмет, келісім және жеке шекараларды сақтау — заң мен тәртіпті құрметтеудің айқын көрінісі.