Ағымдағы оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, 08.10.2026 жылы Маңғыстау техникалық колледжінде пилоттық жоба аясында химия пәнінен «ІІА топша элементтері. Физикалық және химиялық қасиеттері. Табиғи карбонаттар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
👩🏻🏫 Пән оқытушысы: Калимова Алтынгүл.
Ашық сабақтың мақсаты – білім алушылардың ІІА топша элементтері туралы білімдерін кеңейту, олардың физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау, табиғи карбонаттардың ерекшеліктерін түсіндіру және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, белсенділігін дамытуға және алған білімдерін бекітуге бағытталған оқу тапсырмалары орындалды.
#МаңғыстауТехникалықКолледжі #АшықСабақ #Химия #ПилоттықЖоба #ОқуӘдістемелікЖұмыс
