Маңғыстау техникалық колледжінің педагогі Қойшыбек Іңкәр 28.09–09.10.2026 ж. аралығында «Білім беру процесіндегі жасанды интеллект құралдары: оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
🎯 Курстың мақсаты – педагогтердің жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, цифрлық құзыреттіліктерін дамыту және оқыту сапасын арттыруға бағытталған заманауи технологияларды меңгерту.
Курс барысында сабақ жоспарлау, оқу материалдары мен тапсырмалар әзірлеу, білім алушылардың жетістіктерін бағалау және кері байланыс ұйымдастыруда жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
Колледж педагогіне кәсіби дамуына табыс, жаңа жетістіктер және алған білімін тәжірибеде тиімді қолдануына сәттілік тілейміз!
#МаңғыстауТехникалықКолледжі #ЖасандыИнтеллект #БіліктіліктіАрттыру #ЦифрлықБілімБеру
