2026 жылғы 2 қазанда Маңғыстау техникалық колледжінде Ұстаздар күніне орай «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұстаздар қауымына құрмет көрсету, олардың қоғамдағы маңызды рөлін дәріптеу және шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне алғыс білдіру.
Мерекелік шара барысында ұстаздарға ізгі тілектер айтылып, олардың білім беру мен жас ұрпақтың болашағын қалыптастырудағы еңбегі ерекше аталып өтті. Әсем ән мен жүрекжарды құттықтаулар мерекенің сәнін келтіріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, өмір жолына бағыт-бағдар көрсететін ұлы тұлға. Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігіне куә бола беріңіздер!
Құрметті ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! 💐
#МаңғыстауТехникалықКолледжі #ҰстаздарКүні #ҰстазымҰлағатымҮлгіӨнегем #ҰстазғаҚұрмет
