Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Aуған соғысының ардагерлері арасында тағылымды кездесу өтті - Маңғыстау техникалық колледжі

Aуған соғысының ардагерлері арасында тағылымды кездесу өтті

15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күніне орай колледжімізде студенттер мен ауған соғысының ардагерлері арасында тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмір жолы, әскери борышты өтеу кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, Отанға адал қызмет етудің маңызы туралы әңгімеледі. Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, ерлік пен батырлықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге және бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелейді.