Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
🎉 WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионатының ашылу салтанаты өтті - Маңғыстау техникалық колледжі

🎉 WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні колледжімізде кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бұл чемпионат – студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды алаң. WorldSkills қозғалысы жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, олардың өз мамандығына деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Биылғы чемпионатқа қатысып отырған барлық студенттерге шығармашылық табыс, сенімділік және жоғары нәтижелер тілейміз. Әрбір қатысушы бұл сайысты өз мүмкіндігін көрсетуге, тәжірибе жинақтауға және кәсіби тұрғыда шыңдалуға берілген үлкен мүмкіндік ретінде қабылдайды деп сенеміз.

🏆 WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионаты – болашақ білікті мамандардың кәсіби жолындағы маңызды қадам!