Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
«DIGITAL START: AI • Smart • Future» атты облыстық форум өтті - Маңғыстау техникалық колледжі

«DIGITAL START: AI • Smart • Future» атты облыстық форум өтті

2026 жылғы 6 ақпанда Ақтау қаласында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің базасында 2026 жыл – Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жылының ашылуына арналған «DIGITAL START: AI • Smart • Future» атты облыстық форум өтті.

Форумда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөлі, заманауи оқыту бағыттары мен инновациялық шешімдер талқыланды.

Аталған шараға Маңғыстау техникалық колледжінен басшының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Т.Бусаханов қатысып, тәжірибе алмасуға және кәсіби пікір білдіруге атсалысты.#маңғыстаутехникалықколледжі #біртұтас_тәрбие #адалазамат #цифрлыққазақстан