🇰🇿 БІРЫҢҒАЙ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағат барысында білім алушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құндылықтар мен азаматтық жауапкершілік ұғымдары талқыланып, әр адамның табиғатты қорғауға қосар үлесі туралы ой-пікірлер ортаға салынды.
🌱 Таза орта – ортақ жауапкершілік!
Таза Қазақстан – жарқын болашақтың негізі!
#ТазаҚазақстан #БірыңғайКураторлықСағат #КонституцияҚұндылықтары #ЭкологиялықМәдениет #МаңғыстауТехникалықКолледжі