Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
«NEW TOURISM COLLEGE: ДАМУДЫҢ ЗАМАНАУИ САТЫСЫ» тақырыбында облыстық форум өтті - Маңғыстау техникалық колледжі

«NEW TOURISM COLLEGE: ДАМУДЫҢ ЗАМАНАУИ САТЫСЫ» тақырыбында облыстық форум өтті

2026 жылғы 4 ақпанда Ақтау қаласындағы Маңғыстау туризм колледжінде «NEW TOURISM COLLEGE: ДАМУДЫҢ ЗАМАНАУИ САТЫСЫ» тақырыбында облыстық форум өтті.

Аталған форумға Маңғыстау техникалық колледжінен басшының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Жұбатқанова және жас маман, информатика пәнінің оқытушысы А.Агджигитова қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибе жинақтады.

Форум барысында туризм саласын дамыту, заманауи білім беру үрдістері, колледждер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар жаңа идеялармен танысып, кәсіби тәжірибелерін арттыруға мүмкіндік алды.

Мұндай мазмұнды кездесулер білім беру ұйымдары арасындағы байланыстарды күшейтіп, мамандардың кәсіби дамуына серпін береді.#маңғыстаутехникалықколледжі #адалазамат #біртұтас_тәрбие #туризм #форум