Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
🇰🇿 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 🇰🇿 - Маңғыстау техникалық колледжі

🇰🇿 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 🇰🇿

 

Еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күні қарсаңында білім беру ұйымының мұғалімдері арасында волейболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұстаздар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, ұжым бірлігін арттыру және ұлттық рухты дәріптеу.

Жарыс барысында әр команда жоғары дайындықпен келіп, өзара тартысты да қызықты ойын көрсетті. Ұстаздар тек білім беруде ғана емес, спортта да белсенді екенін дәлелдеп, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерлерін көрсете білді.

Спорттық сайыс көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға сергектік пен жақсы әсер сыйлады. Осындай игі шаралар ұжымның ауызбіршілігін арттырып, денсаулықты нығайтуға үлкен үлес қосады.

🇰🇿 Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, егемендігіміз мәңгі болсын!

video-21-01-26-05-23