Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
🇰🇿 «Тәуелсіз елім – тірегім!» 🇰🇿 - Маңғыстау техникалық колледжі

🇰🇿 «Тәуелсіз елім – тірегім!» 🇰🇿

🇰🇿 «Тәуелсіз елім – тірегім!» 🇰🇿

Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, ата-бабамыздың ерлігі мен қайсарлығының жемісі. Бұл күн – ел тарихында өшпес із қалдырған, ұлттық рухты асқақтататын қасиетті мереке. Тәуелсіздік бізге өз тағдырымызды өз қолымызбен айқындауға, тіліміз бен дінімізді, салт-дәстүрімізді еркін дәріптеуге мүмкіндік берді.

Егемен елдің ең басты байлығы – оның бірлігі мен тұрақтылығы. Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ, елін сүйетін отансүйгіш азаматтар. Осындай жас ұрпақты тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

«Тәуелсіз елім – тірегім!» атты шара барысында еліміздің өткені мен бүгіні сөз болып, Тәуелсіздіктің қадірі мен маңызы кеңінен насихатталды. Ұлттық құндылықтар дәріптеліп, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арта түсті.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі, ел болашағы жарқын болсын!
🇰🇿 Тәуелсіз елім – біздің мәңгілік тірегіміз!