Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
ЕҢБЕК АДАМЫ - Маңғыстау техникалық колледжі

ЕҢБЕК АДАМЫ

 

📌 Қызылбаев Есет – «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау және жөндеу цехында 5-дәрежелі слесарь-жөндеуші болып 26 жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман.

Есет Қызылбаев 1993-1996 жылдары «Ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемді тракторист-машинист» мамандығы бойынша білім алып, 44-топта оқыған. Бүгінде сол жылдары алған білімі мен өмірлік тәжірибесін ұштастыра отырып, өз саласында жоғары кәсіби деңгейге жеткен.

Өз ісінің шебері саналатын Есет Қызылбаев еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен және кәсібіне деген адалдығымен әріптестері арасында зор құрметке ие. Жұмысшы мамандығы жылына орай, ол – біздің оқу орнымыздың мақтан тұтар түлегі, жас мамандарға үлгі болар нағыз еңбек адамы.#маңғыстаутехникалықколледжі #жұмысшымамандықтаржылы #адалазамат