«Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында кездесу өтті.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Адамгершілік қарым-қатынас мәдениеті: құрмет, келісім және жеке шекаралар» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара барысында қатысушылар адамгершілік құндылықтардың қоғамдағы рөліне тоқталып, құрмет пен жауапкершіліктің құқықтық мәдениетпен тығыз байланысты екенін талқылады. Қарым- қатынастағы келісім ұғымы – тек әдептілік емес, сонымен қатар заңмен қорғалатын маңызды қағида екені атап өтілді. Кездесу барысында қатысушылар пікір алмасып,…

Читайте далее

Бүгін колледжде оқытушыларға арналған «Жи құралдарын сабаққа енгізу» тақырыбында семинарды әдіскер Б.Шанкенова өткізді.

Семинардың мақсаты білім беру үдерісінде жасанды интеллект платформасының мүмкіндіктерін таныстыру, оны оқу процесінде тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: жасанды интеллект мүмкіндіктері; оқыту үдерісіндегі автоматтандыру; цифрлық білім беру құралдарын тиімді пайдалану. Семинарда оқытушы А.Агджигитова» DIFFIT жасанды интеллект негізіндегі цифрлық платформасын оқу процесінде тиімді қолдану», оқытушылар И. Бекенаева, Н.Сүлеймен «Цифрлық білім беру құралдарын…

Читайте далее

«Мұзбалақ ақынның жыр әлемі»

Ұлт поэзиясының биік шыңы, сыршыл да мұңлы, өршіл де өшпес жырлардың иесі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мұзбалақ ақынның жыр әлемі» атты әдеби кеш жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны кітапханашы Шаштибаева Іңкәр ерекше талғаммен, мазмұнды әрі әсерлі форматта ұйымдастырып, қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын тереңірек танытты. Бұл тағылымды шара жастардың әдебиетке деген…

Читайте далее

🎬 Колледжімізде студенттердің қатысуымен маңызды тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді.

Шара барысында Бас прокуратураның үйлестіруімен түсірілген «Закладчик. Мать» атты деректі фильм көрсетіліп, студенттерге нашақорлықтың қоғамға, отбасыға және адам өміріне тигізетін ауыр зардаптары туралы кеңінен түсіндірілді. Фильм арқылы жастарға өмірлік құндылықтарды бағалау, заңға құрметпен қарау және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы жеткізілді. Іс-шараға колледж студенттері белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, тақырып төңірегінде пікір алмасты. Мұндай кездесулер…

Читайте далее

✨ WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионаты өз мәресіне жетті!

Колледжімізде өткен WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін айқындаған маңызды алаңға айналды. Байқау барысында қатысушылар өз мамандықтары бойынша білімдерін, практикалық дағдыларын және кәсіби біліктіліктерін көрсете білді. Тартысты дода нәтижесінде үздік деп танылған студенттер анықталып, жеңімпаз атанды. 🏆 Жеңімпаз атанған студенттерді алдағы WorldSkills Aktau 2026 чемпионатында лайықты өнер көрсетіп,…

Читайте далее

«DIGITAL START: AI • Smart • Future» атты облыстық форум өтті

2026 жылғы 6 ақпанда Ақтау қаласында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің базасында 2026 жыл – Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жылының ашылуына арналған «DIGITAL START: AI • Smart • Future» атты облыстық форум өтті. Форумда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөлі, заманауи оқыту бағыттары мен инновациялық шешімдер талқыланды. Аталған шараға Маңғыстау…

Читайте далее

«NEW TOURISM COLLEGE: ДАМУДЫҢ ЗАМАНАУИ САТЫСЫ» тақырыбында облыстық форум өтті

2026 жылғы 4 ақпанда Ақтау қаласындағы Маңғыстау туризм колледжінде «NEW TOURISM COLLEGE: ДАМУДЫҢ ЗАМАНАУИ САТЫСЫ» тақырыбында облыстық форум өтті. Аталған форумға Маңғыстау техникалық колледжінен басшының тәрбие жөніндегі орынбасары А.Жұбатқанова және жас маман, информатика пәнінің оқытушысы А.Агджигитова қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибе жинақтады. Форум барысында туризм саласын дамыту, заманауи білім беру…

Читайте далее

🎉 WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні колледжімізде кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған WorldSkills 2026 колледжішілік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл чемпионат – студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына, сондай-ақ тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін маңызды алаң. WorldSkills қозғалысы жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, олардың өз мамандығына деген қызығушылығы мен жауапкершілігін…

Читайте далее

«Білім бағы» республикалық ғылыми-педагогикалық журналы

«Білім бағы» республикалық ғылыми-педагогикалық журналының 2026 жылғы қаңтар–ақпан айындағы санында Маңғыстау техникалық колледжі оқытушыларының әдістемелік материалдары жарияланды. Бұл – колледж ұжымының кәсіби шеберлігі мен педагогикалық ізденісінің нәтижесі, сондай-ақ білім беру саласына қосқан нақты үлесінің айғағы. Жарияланған материалдар оқу үдерісін жетілдіруге, заманауи әдістемелерді кеңінен қолдануға бағытталған. Әріптестерімізді шығармашылық жетістігімен құттықтай отырып, алдағы еңбектеріне толағай табыс тілейміз!…

Читайте далее

Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілген ақпараттық кездесу

Дүниежүзілік сайлау күні аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сайлау үдерісінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Электоралдық принциптер – сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Л. Жонасов арнайы қатысып, студенттерге сайлау жүйесінің негізгі қағидаттары, сайлау заңнамасының талаптары, азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде ақпарат…

Читайте далее