Жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған “Young Teacher Fest” сайысы жоғары деңгейде өтті 🎉

Жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған “Young Teacher Fest” сайысы жоғары деңгейде өтті 🎉 Сайысқа қатысқан “ЗердеХ” және “Жаңа жол” командалары өзара тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар білімдері мен креативтіліктерін танытып, ерекше белсенділікпен көзге түсті. Іс-шара барысында жас ұстаздар тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты нығайтты. Сайыс нәтижесінде достық пен кәсіби рух жеңіске жетті ✨

Read More

Студенттеріміз облыстық деңгейде өткен дебат сайысына белсене қатысты 🎤

Студенттеріміз облыстық деңгейде өткен дебат сайысына белсене қатысты 🎤 Пікірсайыс тақырыбы: “Білім берудегі ЖИ: даму ма әлде деградация ма?” болды. Дебат барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім саласына әсері туралы өз ойларын ортаға салып, тың дәлелдер мен ұтымды аргументтер келтірді. Біздің студенттер жоғары дайындықтарын көрсетіп, сыни ойлау, шешендік қабілеттерін дәлелдей білді. Осындай зияткерлік алаңдар жастардың жан-жақты…

Read More

«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан» акциясы аясында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында аумақты тазалау, қоршаған ортаны күтіп ұстау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Тазалық – ортақ жауапкершілік!

Read More

📢 Ата-аналар жиналысы өтті

Білім алушылардың оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында студенттердің оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртіп мәселелері және құқықбұзушылықтың алдын алу бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы буллинг, интернет қауіпсіздігі, зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ ата-ана мен колледж арасындағы тығыз байланыс орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Бірлескен…

Read More

«Дропперлер: Қылмыскер ме, әлде алаяқтықтың құрбаны ма?»

Ақтау қаласында өткен облыстық дебат турниріне «Дропперлер: Қылмыскер ме, әлде алаяқтықтың құрбаны ма?» тақырыбы аясында біздің колледжіміздің «Жалын» дебат клубы қатысты. Дебат барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өзекті мәселелерді талқылап, сыни тұрғыдан пікір алмасты. «Жалын» дебат клубына алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Read More

«Сапалы білім-сенімді мамандық-табысты болашақ»

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру – маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Сол себепті, қазіргі таңда оқушыларға кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. 03.04.2026 ж…

Read More

«Сапалы білім-сенімді мамандық-табысты болашақ»

Ағымдағы жылдың 03 сәуір күні колледж мамандары Ұштаған ауылындағы Асқар Өтепбергенов атындағы жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына «Сапалы білім-сенімді мамандық-табысты болашақ» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырды. іс-шара барысында оқушылар колледж мамандықтарымен танысып, өндірістік бағыттағы заманауи құрал-жабдықтардан ақпарат алды. Болашақ мамандықты таңдау-жай ғана шешім емес, ол — болашақ өмірдің траекториясын анықтайтын маңызды қадам. Біздің…

Read More

Бүгін колледжде оқытушыларға арналған «ЖИ құралдарын сабаққа енгізу»тақырыбында оқу-тәжірибелік семинарды әдіскер Б.Шанкенова өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект платформасының мүмкіндіктерін таныстыру, оны оқу процесінде тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: — жасанды интеллект мүмкіндіктері; — оқыту үдерісіндегі автоматтандыру; — цифрлық білім беру құралдарын тиімді пайдалану.Семинарда оқытушы І.Қрйшыбек «Жасанды интеллект артықшылықтары мен қауіптері » , оқытушылар Ш.Нұрбосынова ,Г.Қошақбаева «Жасанды интеллект платформалары», өндірістік оқу…

Read More

🌸 Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! 🌸

22 наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Бұл күні әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, молшылық пен ырыс бірге келсін! Ақ мол болсын, Жылымыз берекелі, Төріміз мерекелі болсын! Әр күніміз шуақты, Әр ісіміз сәтті болып, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! ✨ Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке, денсаулық пен бақ-береке әкелсін! ✨

Read More

📢 АМАЛ ҚОРЖЫНЫ – 2026 челленджі бастау алды!

📢 АМАЛ ҚОРЖЫНЫ – 2026 челленджі бастау алды! Халықаралық волонтер жылы аясында, Маңғыстау облысы білім басқармасының “Облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы” МКҚК ұйымдастыруымен «Амал қоржыны – 2026» челленджі өз бастауын алды. Аталған игі бастама аясында “Маңғыстау техникалық колледжі” “Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінен” челлендж эстафетасын қабылдады. Жақсылық жасау – ізгіліктің белгісі!…

Read More