Маңғыстау техникалық колледжі оқытушыларының Маңғыстау ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 05 наурыз күні С. Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты
Орта мектеп оқушыларына кәсіптік білім берудің маңызын түсіндіру, Маңғыстау техникалық колледжінің білім беру бағдарламаларын таныстыру, талапкерлерді тарту және саналы мамандық таңдауға бағыт беру. Міндеттері
• Колледж мамандықтары мен оқу шарттары туралы ақпарат беру;
• Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді таныстыру;
• Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға ықпал ету;
• Ата‑аналар мен мектеп әкімшілігімен өзара ынтымақтастықты күшейту. Іс-шара барысында оқушылар колледж мамандықтарымен танысып, өндірістік бағыттағы заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған өндірістік шеберхана көрсетіліміне қатысты. Болашақ мамандықты таңдау-жай ғана шешім емес, ол болашақ өмірдің траекториясын анықтайтын маңызды қадам. Бүгінгі мектеп оқушысы — ертеңгі кәсіби маман. Болашақ — нақты қадамнан басталады!



