Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
«Сапалы білім-сенімді мамандық-табысты болашақ» - Маңғыстау техникалық колледжі

«Сапалы білім-сенімді мамандық-табысты болашақ»

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру – маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Сол себепті, қазіргі таңда оқушыларға кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. 03.04.2026 ж күні Маңғыстау техникалық колледжінің оқытушылары Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы орта білім беретін оқу орнының 9-11 сынып оқушыларына «Сапалы білім-сенімді мамандық-табысты болашақ» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасын ұйымдастырды. Маңғыстау техникалық колледжі – қазіргі заманауи талаптарға сай, жан-жақты сұранысқа ие мамандық иелерін даярлайтын техникалық-кәсіптік білім беру ордасы, жаңа заманауи құрылғылармен мамандықтарды меңгеруге және сол үрдіспен оқытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған, қарқынды дамып келе жатқан және уақыт талабына бейімделген білім беру мекемесі. Колледжіміздің басқа оқу ордаларынан артықшылығы да осында.