Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
25 желтоқсан Қазақстан Республикасындағы Психологтер күні - Маңғыстау техникалық колледжі

25 желтоқсан Қазақстан Республикасындағы Психологтер күні

25 желтоқсан Қазақстан Республикасындағы Психологтер күні. Соған орай білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған мерекелік, кәсіби-әдістемелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, прокуратура, төтенше жағдайлар қызметі, полиция департаментінің қызметкерлері, облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары, білім бөлімдерінің басшылары мен мамандары, педагог- психологтер мен әлеуметтік педагогтер қатысып, 250-ден астам маман қамтылды.

Іс-шара аясында педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, үздік тәжірибелерді тарату және әдістемелік әлеуетін бағалау мақсатында облыстық деңгейде өткен бірқатар байқаулардың қорытындысы жарияланды.
Іс-шара Ақтау қаласының педагог- психологтері дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.#психологтаркүні #маңғыстаутехникалықколледжі #адалазаматбіртұтастәрбие