Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
«Жыл үздігі — 2025» - Маңғыстау техникалық колледжі

«Жыл үздігі — 2025»

✨Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жыл үздігі — 2025» аудандық жастар премиясының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

🔆Шараға Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Асқар Аққұлов қатысып, үздік деп танылған жастарды аудан әкімінің атынан құттықтады.

Аудандық жастар премиясы аясында қоғамның түрлі саласында жемісті еңбек етіп жүрген жас мамандар 12 номинация бойынша марапатталды. Маңғыстау техникалық колледжі “Жыл еріктілері” номинациясын иеленді.🥳

Құттықтау сөзінде Асқар Аққұлов жастардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті.

— Бүгін біз өз еңбегімен, білімімен және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген жастарды құрметтеп отырмыз. Әрбір жетістік – ауданымыздың дамуына қосылған нақты үлес. Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Олардың бастамалары мен ізденісі бізге сенім мен серпін береді, — деп сөзін аяқтады.
Жетер жетістіктеріміз көп болсын! #маңғыстаутехникалықколледжі #жылүздігі2025 #жылеріктілері#адалазаматбіртұтастәрбие