Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті - Маңғыстау техникалық колледжі

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Бүгін «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына»  сәйкес «Ашық есік күні» акциясы аясында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында  кездесу  өтті.

Мақсаты:

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беру; 

— қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алуда профилактикалық  жұмыстардың  маңызын  түсіндіру;

— саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыруға  ықпал ету;

— шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға үйрету;

— еліне адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

.Іс- шараға қатысушылар: білім ордасының басқарған басшы, ардагер ұстаз Н.Аманжолов , «АMANAT» партиясы  Маңғыстау аудандық филиалының  төрағасы Ш.Барахатов, «Маңғыстау жылу,су »  КМ директоры Т.Ерманов,Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Қойсарин,Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы директоры А.Бағланұлы,журналист «Жаңа өмір » газетінен тілші М.Жебеқызы, «Қазақ АНАлары дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау аудандық  филиалының төрайымы С.Жанбозова,ата-ана Л.Тулеуова .Қонақтар алдымен оқу ордасының тарихынан сыр шертер мұражайды көріп,оқу шеберханасындағы жаңа жабдықтардың жұмыс жасалуымен танысып ,студенттердің өз қолдарымен жасалған бұйымдар  көрмесін  көрді.#біртұтастәрбие