28 сәуір күні «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында ТЖО Б.Шанкенова дәріс өткізді. Мақсаты: жасөспірімдер қылмысының алдын-алу және профилактикасы, студенттер арасында құқықбұзушылықтардың жолын кесу, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын-алу. Кездесу барысында бейнероликтер көрсетіліп, құқықтық тәртіпті сақтау, жауапкершілік пен заңға бағынудың маңыздылығы түсіндірілді.
#біртұтастәрбие