Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Хан тәңірінің мұзбалағы - Маңғыстау техникалық колледжі

Хан тәңірінің мұзбалағы

Бүгін колледжде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «Хан тәңірінің мұзбалағы» атты әдеби-сазды,танымдық  кеш өтті. 

Шараның мақсаты — соныңа айрықша өшпейтін із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді  әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Әдеби сазды кеш барысында  Мұқағали ақынның «Ғашықпын», «Шеше сен бақыттысың», «Болашаққа »  өлеңдерін студенттер  мәнерлеп оқыды,  АЭ-08-23тобының студенті Т.Нұрмұханбет ерекше нақышына келтіре жеткізе білді. Ақын өмірбаянына ,шығармашылығына кітапханашы Ж.Ерханова библографиялық шолу жасады. «17 палата» қойылымын студенттер Қ.Алпысбаев пен А.Рүстемұлы  ақын мен дәрігер диалогын шынайы көрсетті,. Бұл ақынның «Менің анкетам»өлеңінің желісімен дайындалған қойылым.

Мұқағали Мақатаев — қазақ халқының Фарабиден Абайға, Абайдан Мағжанға, Мағжаннан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр көшіндегі өзіндік орны бар біртуар талант иесі.Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялары хақ.

 Ақынның сөздерінде жазылған «Фариза», «Үш бақытым «, Сенің көзің» «Есіңе мені алғайсың» әндерін музыкалық жетекші С.Нұрдәулет жанды дауысқа орындады.Мақсатына жеткен шара  қатысушыларға керемет әсер сыйлады.

#Мұқағалидыңтуғанкүні

#біртұтас_тәрбие

#оқуғақұштарколледж