Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі - Маңғыстау техникалық колледжі

Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде «Отбасы-тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбымен дөңгелек үстел өтті.Мақсаты-  отбасы құндылықтарын дамыту, өнегелі отбасы дәріптеу, үлгілі  жанұяны насихаттау.  Шараға қатысушы қонақтар ,өнегелі отбасының ардақты аналары , асыл әже , еңбек ардагерлері , арнайы пән оқытушысы А.Қалдығұл ,  басшының шаруашылық жөніндегі орынбасары Д.Нурова, қызметкер Ж.Тақышева  өз  отбасылары, олардың ұстанымдары, ерекшеліктері, бала тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісіп, ынтымақты, өнегелі отбасы болу қағидалары туралы әңгімеледі. Аналар берекелі  отбасындағы  ережелерді айта отырып ,ұлдарға  өсиет   айтып, өмірден нақты мысалмен түсіндіріп отырды. Студенттер еркін түрде өз ойларын жеткізіп , қонақтарға ризашылығын білдірді. Тәрбиелік мәні зор шара  өз мақсатына жетті.