2 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті
Маңғыстау техникалық колледжінің оқытушылары жаңа жыл мерекесіне орай игі іске ұйытқы болды. Ұстаздар ұжымы бірігіп, әлеуметтік жағдайы төмен 2 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.Бұл — тек материалдық қолдау ғана емес, жүректен шыққан ниет, адамгершілік пен жанашырлықтың белгісі. Жаңа жыл — үміт пен жақсылыққа толы мереке. Осындай сәтте бір-бірімізге қолдау көрсетіп, мейірім шуағын сыйлау әрқайсымыздың азаматтық борышымыз…