ХАБАРЛАНДЫРУ
«Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау техникалық колледжі» МҚКК 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығын негізге ала отырып, келесі бос және уақытша бос пән оқытушы лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріне, «Enbek.kz» және колледждің ресми сайтына жарияланады.
Еңбекақы мөлшері: біліміне, біліктілік санатына, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдарына байланысты.
Қажетті мамандар:
*Өндірістік оқу шебері бойынша 2 тұрақты орын
« Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК жалпы пән бойынша бос және уақытша бос педагог лауазымы.
* Тарих пәні оқытушысы- 360 сағат (уақытша бала күтімі орны)
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Құжаттарды 2025 жылдың 30 желтоқсан — 2026 жылдың 13 қаңтар аралығында кадр меңгерушісі Кетешова Гулжихан Мухитовнаға (тел.8702 5646753) тапсыруларыңыз сұралады.