Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілген ақпараттық кездесу - Маңғыстау техникалық колледжі

Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізілген ақпараттық кездесу

Дүниежүзілік сайлау күні аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сайлау үдерісінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Электоралдық принциптер – сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Л. Жонасов арнайы қатысып, студенттерге сайлау жүйесінің негізгі қағидаттары, сайлау заңнамасының талаптары, азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері туралы кең көлемде ақпарат берді. Сонымен қатар, ашықтық, әділдік, теңдік және заңдылық сияқты электоралдық принциптердің қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне ерекше тоқталды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сайлау процесіне қатысты маңызды мәліметтер алды. Мұндай танымдық іс-шаралар жастардың саяси мәдениетін қалыптастыруға, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азамат тәрбиелеуге зор ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушыларға сайлау жүйесіне қатысты пайдалы ақпараттар ұсынылып, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.

video-27-01-26-04-00