Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
WorldSkiils Аktau-2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті - Маңғыстау техникалық колледжі

WorldSkiils Аktau-2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде WorldSkiils Аktau-2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру, жастардың белсенді ұстанымдарын қалыптастыру және оларды әлеуметтік маңызды бар қызметпен айналасуға ынталандыру.

Чемпионаттың ашылу салтанатына колледждің әлеуметтік серіктес мекемесі “Дария”МКК инженеры Нұркен Теміржанұлы Қожамбетов, Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығынан Аслан Бағланұлы, “Жаңа өмір” газетінің тілшісі Марина Жебеқызы қатысты.

Шарада колледж басшы м.а. Балжақсы Ғалымқызы студенттерге чемпионаттың маңызы, облыстық чемпионаттағы жетістігі жөнінде айтып, студенттерге сәттілік тіледі.» Дария » МКК инженері Н.Теміржанұлы колледж бен мекеме арасындағы байланыс туралы баяндап, чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатысушыларға сәттілік тілеп, чемпионат жоспарымен таныстыру үшін басшының өндірістік оқу жөніндегі орынбасары А.Қалниязұлы сөз сөйледі.

Музыкалық жетекші Т.Бүркітбаев пен шәкірттері патриоттық әндер орындады.

Кәсіби шеберлік чемпионатына төмендегідей құзыреттіліктер бойынша өтеді:

1. «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу”

2. «Дәнекерлеу технологиясы»

3. “Слесарлық іс”

4. “Токарлық іс”

5. “Тақта таспен қаптау”

Барлығы 5 құзыреттілік бойынша 18 қатысушы сайысқа түседі.Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!