Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
«Халық пен тіл – тамыры терең қос емен» - Маңғыстау техникалық колледжі

«Халық пен тіл – тамыры терең қос емен»

Бүгінгі күннің тағылымы мол, мазмұны терең тәрбиелік шараларының бірі – «Халық пен тіл – тамыры терең қос емен» тақырыбында Т-06-25 тобына Ғ.Нұртаңатұлы топ сағатын өткізді.
Басты мақсаты – білім алушыларға халық пен тілдің егіз ұғым екенін, тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі екенін терең түсіндіру болды. Шара барысында ана тіліміздің өткені мен бүгіні, оның ұлт болашағындағы орны кеңінен сөз етіліп, тіл арқылы халықтың тарихы, мәдениеті мен дүниетанымы қалыптасатыны жан-жақты айтылды.
📖Ғ. Нұртаңатұлы өз сөзінде: «Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген тағылымды ойды негізге ала отырып, жастарды туған тілін құрметтеуге, оны күнделікті өмірде таза әрі орынды қолдануға шақырды. Топ сағаты барысында тіл тағдырына қатысты ой қозғайтын нақыл сөздер, өнегелі пікірлер айтылып, қатысушылар өз ойларымен еркін бөлісті.#маңғыстаутехникалықколледжі #біртұтас_тәрбие #адалазамат

video-22-01-26-08-51