Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
WELDINGSKILLS – 2025 … - Маңғыстау техникалық колледжі

WELDINGSKILLS – 2025 …

WELDINGSKILLS – 2025
Халықаралық кәсіби шеберлік байқауы

Жамбыл облысы, Мерке ауданында №9 Меркі колледжінің ұйымдастыруымен халықаралық WeldingSkills – 2025 кәсіби шеберлік байқауына колледжіміздің студенті Гайнулла Альберт пен жетекшісі Дүйсенбеков Еркін қатысуда!

Білім алушымыз дәнекерлеу ісі бойынша өз шеберлігін көрсетіп, үздік нәтиже көрсетуге бар күшін салуда.
Ал жетекшіміз сарапшы ретінде төрелік етіп, әділ бағасын беруде.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 10 колледж қатысып, шет елдерден – Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген қатысушылар жарыстың халықаралық деңгейін айқындап отыр.

Бұл дода — студенттер үшін тәжірибе алмасу, шеберлікті шыңдау мен кәсіби бәсекеге қабілеттілікті арттыру алаңы.

Сайыс барысынан қызықты сәттермен бөлісе беретін боламыз, бізбен бірге болыңыздар!

#WeldingSkills2025
#МаңғыстауТехникалықКолледжі
#ХалықаралықБайқау
#КәсібиШеберлік
#Дәнекерлеу
#МеркіКолледжі
#Сарапшы2025
#КәсіптікБілім
#БолашақМаман