Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына байланысты алдағы жы… - Маңғыстау техникалық колледжі

Елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына байланысты алдағы жы…

Елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына байланысты алдағы жылдарға қойылған жұмыс жоспары бойынша өндірістік тәжірибемен байыту үшін мақсатты түрде серіктес мекеме іздестірілді. Колледждегі мамандық профиліне сәйкес кәсіпорындар мен мекемелер анықтап алынды. Осылайша «NOMADDIN» ЖШС құрылыс компаниясына ұсыныс хат жолданды. Байланысты жүйелі түрде дамытуды қолға алынып, колледж әкімшілігі, өндірістік оқыту шеберлері және серіктес мекеме тұрақты түрде кездесіп, жоспар жасалынды. Мекеме тарапынан барынша қолдау көрсетілді. Нәтижесінде Колледж және мекеме басшылығымен келісімшартқа отырып, екі жақты мемарандумға қол қойылды. Қазіргі таңда студенттер өндірістік тәжірибеден өтуде және алдағы уақытта нарықта сұранысқа ие маман болып шығуына жақсы әсер етеді. Ортақ іс-шаралар, кәсіби конкурстар ұйымдастырылу арқылы осындай нәтижеге қол жеткізілді
Студенттер өндірістік тәжірибеден өту барысында кәсіби дағдыларды меңгереді:
1. Теория мен практиканың байланысы артты: Студент тек оқулықтағы мәліметпен шектелмей, нақты өндіріс жағдайын көре алады
2. Өндірістік тәжірибенің сапасы арта бастады: Студент құрылыс нысандарында тәжірибе жасап, нағыз мамандармен бірге жұмыс істейді.
3. Оқу мотивациясы көтеріледі: Болашақ жұмыс орны бар екенін білген студент оқуға қызығушылықпен қарайды
4. Маман даярлау сапасы жақсарды: Колледж түлектері еңбек нарығына қажетті білікті маман болып шығады.

Оның болашақ мамандығына деген қызығушылығы арта түседі. Үздік студенттер қатарынан көрініп қалаған жұмысқа орналасу мүмкіндігін алады
Колледж бен мекеме арасындағы серіктестік ең бастысы– студенттердің сапалы білім алып, нақты маман болуына жол ашатын маңызды құрал. Мұндай байланыс оқу процесін жандандырып, білім мен еңбектің арасындағы көпір бола алады