Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ТУРИСТІК САЙЫС… - Маңғыстау техникалық колледжі

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ТУРИСТІК САЙЫС…

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ТУРИСТІК САЙЫС

Кеше және бүгін Таушық ауылында орталық саябақта Маңғыстау облыстық педагогтер арасындағы «West Tourism» облыстық туристік жарысы өтті. Нақтырақ айтқанда ағымдағы жылдың 14 — 15 мамыр күндері аралығында педагогтер арасында дене шынықтыру мен туризмге деген қызығушылықты арттыру, туристік спорт түрлерін қолданып, командалық жұмыс дағдыларын дамыту, ұжымдық рухты нығайту және педагогтердің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында, «West Tourism» облыстық туристік жарысы Түпқараған ауданы, Таушық ауылдық саябағында өткізілді.
Жарысқа жалпы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 12 топтан 72 педагог қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен:
I орын — Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің «Отпан» тобы;
II орын — Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы, Н. Жұбаев, Б. Жұмалиев, Жармыш білім беретін мектептерінің «Отпан» тобы;
II орын — Ақтау қаласы, Р. Қабылов атындағы жалпы білім беретін мектебі, №3 жалпы білім беретін мектебі, №12 жалпы білім беретін мектебі, №24 жалпы білім беретін мектебі, №13 мектеп – гиназиясы, Т. Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының «Каспий» тобы;
III орын — Түпқараған ауданы, Шахта жалпы білім беретін мектебінің «Шахта» тобы;
III орын — Түпқараған ауданы, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейінің «Көкбөрі тобы;
III орын — Түпқараған ауданы, Түпқараған гумнитарлық кәсіптік колледжінің «Түпқараған» тобы, Маңғыстау техникалық колледжінің «Шерқала» командасы сертификат иеленді.
Жеңімпаздар Орталықтың алғыс хаттарымен және сертификаттарға ие болды. Облыстық шарада орталық директорының орынбасары, облыстық әкелер одағының төрағасы, облыстық ата аналар кеңесінің төрасы А.Қонарбаев марапаттады.