Менің атам майдангер! Мен Күзембай Саржан 1 курс студентімін. Менің атам майдангер челленджіне қатысып, атам туралы айтпақшымын. Атам Олжабаев Хамит 1925 жылы 14қазанда ,Жыңғылды ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келген.1941 жылы Жыңғылды орталау мектебін бітіріп,еңбек жолын ауылда шопан болып бастаған.
1943жылы Кеңес Армиясының қатарына ағасы Олжабаев Мұхит екеуі бірге алынып,Ұлы Отан соғысына аттанған.
Украина мен Белоруссия майданында 361-жаяу әскерлер құрамында елді жаудан қорғауға ерлікпен күреседі.1944 жылы Белоруссияның » Великие луки» ,» Витевск» қалаларын жаудан азат ету тарихи соғысына қатысып,ауыр жараланып,1945 жылы елге оралды.
Ал ағасы Олжабаев Мұхит атамыз туралы еш дерек жоқ.
Атам Олжабаев Хамит елге келісімен Жыңғылды колхозының есепшісі болып жұмыс жасап,Орал,Гурьев қалалаларынан жоғары оқуын бітіріп,қызметте болған кісі.
Соғыстан кейінгі ауылшаруашылық,елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты.» Қызылотау» меңгерушілігінен бастап,үгітші,насихатшы,бастауыш партия ұйымы хатшысы,халықтық бақылау комитетінің және ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жауапты қоғамдық жұмыстар атқарды.
Ел алдындағы ерен еңбегі мен ерлігі үшін 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен және көптеген медаль орденлермен марапатталған.Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатын және облыс,аудан әкімдерінің құттықтауларын алған.
Біз атаның ұрпақтары ,атаның өмір жолынан адамгершілікті,шынайы шындықпен өмір сүрген парасаттылықты,қайырымдылық жасаудан үлгі алған ұрпақпыз.Адамгершілікті ту етіп,адамдыққа баулитын әкелік қасиеттерін әрдайым мақтан тұтамыз. #меніңатаммайдангер #біртұтастәрбие
