Ағымдағы жылғы 20 сәуірден бастап Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен бүкіл ел аумағында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» деп аталатын ауқымды акция басталды. Отбасы- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы, отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады.
Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық түсіндірме жұмыстарын бүгін колледж студенттеріне Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің отбасы тұрмыстық зорлық -зомбылыққа күрес тобының инспекторы М.Бисемағанбетова , ПБ ЖПҚБ отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Е. Хасан жүргізді.Студенттердің қызықтырған сұрақтарына мамандар жауап берді.
БІЗ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!!!
#біртұтастәрбие
#МАҢҒЫСТАУАУДАНЫ ПОЛИЦИЯБӨЛІМІ

