Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
«Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге»- деп Абай атамыз айтқандай , білімнің қайнар бұлағы ,адамның рухани қайнар бұлағы-кітап - Маңғыстау техникалық колледжі

«Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге»- деп Абай атамыз айтқандай , білімнің қайнар бұлағы ,адамның рухани қайнар бұлағы-кітап

«Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге»- деп Абай атамыз айтқандай , білімнің қайнар бұлағы ,адамның рухани қайнар бұлағы-кітап. Кітап-адамның нағыз досы.Кітап – адамның нағыз досы. Кітап — ең құнды қазына. Оның айтары ішінде. Сөзден өрнек құрып, кестеленген дүниені санада сәулелендіру, ешбір қимылсыз-ақ сізге мұң мен шаттық сыйлау келсе тек кітаптың қолынан келмек. Кітап ең жақын дос болғандықтан ол жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітапты оқығанда сен бүкіл дүниені ұмытып кетесің. Кітаптан естімегенді естіп, көрмегенді көресің. Кітап – ақылшы, серік дос. Кітапты еріксіз оқығаннан ештеме де өнбейді. Кітаптың ішіне кіре отырып, үлкен махаббатпен оқыса ғана, кітаптың түпкі ойын түсінуге болады. Кітап біздің рухани азығымыз. Біз кітаптан нәр аламыз. Сол сияқты кітап оқығанда да әр адамның өз сүйікті кейіпкері болады, сол кейіпкердің бойындағы бар мінезге ұқсағысы келіп отырады. Кейіпкердіңде екі түрі бар, бірі адамның іші бауырына кіріп жақсы рөлде сомдаса, екіншісі мүлде бөлек тура қарама-қарсы дерсің.#кітапкүні