Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие.Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы»Б. Момышұлы - Маңғыстау техникалық колледжі

Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие.Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы»Б. Момышұлы

Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиылы мен қиян бітіскен ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысының шапшаң етіп, ептілікке, икемділікке үйретеді, көзінің қырағылығын, қол табандылығын, сан гаммаларының жұмбақ жақтарын, ал қол иірімдері икемділігінің артуына көмектеседі.
Асық ойыны – ұлттық өнердің бір түрі, адамды ойлануға, еркін қимылдауға, тез шешім қабылдауға, батылдыққа, ептілікке баулиды. Ол жастарды ойландыратын, шынықтыратын, шапшаңдыққа, дәлдікке, әділдікке баулитын тәрбиенің тамаша құралы. Наурызнама – Ұлы дала дәстүрлерін жаңғырту және қоғамды біріктіретін жаңа құндылықтарды қалыптастыру мақсатында  бүгін колледжде  бүгін ‘Бес табан’ ойыны өтті. Мақсаты-
ұлттық ойындарды өткізу дәстүрін енгізу және ұлттық ойындарды насихаттау.
Дәстүр – ел тарихы білім беру құралы ретінде пайдаланылады, ұлттық құндылықтарына, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді және жалпыұлттық патриотизмді нығайтады.
Дәстүр мақсаты – білім алушылардың интеллектуалдық, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, ұлттық мәдени мұрасын сақтау және насихаттау.
Дәстүр міндеті – ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту, құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу.
«Бес табан» – ойыны балаларды мергендікке тәрбиелеуді көздейді.Ұйымдастырушы дене тәрбиесі пәні  оқытушысы Ж.Ізгуов.