«Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті.
2025 жылғы 7 ақпан күні «Маңғыстау облысында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес» «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында Жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты шараның мақсаты — жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, олардың қоғамдағы маңызын дәріптеу.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы қатысып, жұмысшы мамандардың қоғамдары рөліне кеңінен тоқталып, «2025 жыл – Жұмысшы мамандығы жылы» аясында жыл бойы облыста атқарылатын жоспарлы шаралар туралы мәлімдеді.
Сонымен бірге облыстық ішкі саясат басқармасының, аудан, қала әкімдіктерінің, облыстық мансап және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары, өңірдегі партия басшылары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен серіктес мекемелердің өкілдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп оқушылары қатысты.
✅ Шара аясында ұрпағын жұмысшы маман болуға баулып, атадан балаға мирас етіп дәріптеген династия өкілдері; еңбек ардагерлері, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі чемпионаттарға қатысып, облыстың намысын қорғап жүрген колледж студенттері ұлықталды.
✔️ Тілек Жеткізгенұлы техникалық және кәсіптік білім беру саласына еңбегі сіңген мамандарды облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.
Іс-шара барысында облыстағы жұмысшы мамандарын даярлайтын колледждерде студенттердің қолымен дайындалған дүниелерден көрме жасақталды.
✔️ Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдегі колледждердің бітіруші түлектері үшін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңесін ұйымдастырып, оған 30-ға жуық жұмыс беруші мекемелер қатысты.