ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА СЕРПІН

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жолдауында 2025 жыл – елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, қоғамның назарын осы маңызды мәселеге аударды. Өйткені, жұмысшы мамандықтары – экономиканың драйвері, ал осы мамандық иелері – елдің нағыз тірегі. Сонымен қатар, әр елдің бәсекеге қабілетті болуы қоғамдағы жұмысшы мамандардың кәсіби дағдысына және оларды сапалы даярлауға тікелей байланысты. Осы орайда 04 ақпанда Маңғыстау ауданы әкімі Ғ.Ниязов,әкімнің орынбасары М.Сейлов,Маңғыстау аудандық Мәслихаты төрағасы Е.Махмутов, Маңғыстау ауданды мансап орталығы директоры Б.Жылқыбаев Маңғыстау техникалық колледжі басшы м.а. А.Ержанов, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Салыхов «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшыларымен кездесті.

Кездесу мақсаты – «Маңғыстау техникалық колледжі мен «өндірістік мекемелер арасындағы әлеуметтік серіктестік орнату және білім беру мен өндіріс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, жұмысшы кадрлар даярлаудағы мәселелер талқылау болып табылды. Кездесуде тараптар колледж студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтуі, жұмысқа орналастыру, кәсіби дайындық деңгейін арттыру, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өту сұрақтары талқыланды. Сонымен қатар, колледж бен кәсіпорындар арасындағы білім беру мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келіссөздер жүргізілді, жұмысшы кадрлар даярлау жобасы, колледжге мақсатты оқыту нысаны бойынша білім алушыларды оқыту, шетелде тағылымдамадан өткізу, жұмысқа орналастыру. Бұл кездесу – студенттердің кәсіпорынға қажетті дағдыларды игеруіне мүмкіндік беру, сондай-ақ колледждің білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізілген маңызды қадам болып табылады.

Осы өндірістік мекемелермен келіссөздерді орнатуға мүмкіндік берген, қолдаған Маңғыстау ауданы әкімдігіне колледж әкімшілігі атынан ризашылық білдіреміз.