Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
2025 жыл -«Жұмысшы мамандықтар жылы» - Маңғыстау техникалық колледжі

2025 жыл -«Жұмысшы мамандықтар жылы» 

Бұл -жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған бастама.
Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқару тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырары даусыз. 
Осындай өз кәсібін жетік меңгерген маман-Чонекбаев Мерас .
 Ол Маңғыстау техникалық  колледжінің 2021 жылғы түлегі, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алған.
Мерас  бала кезінен дәнекерлеу жұмыстарына  қызығып, өз қалауымен осы мамандыққа түсіп, оны сәтті аяқтады. Білім алу барысында өзін жауапты, ізденімпаз және еңбекқор студент ретінде көрсетті. Оқуда алған білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдіре білді.
Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Дәл осы сөз Мерасқа  арналғандай. 
Қәзіргі таңда Мерас Атырау облысында Қарабатан кен орынында дәнекерлеуші  қызметін атқарып, кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қарап, лайықты бағасын алуда. 
Мерастың кәсіби біліктілігі оны алдағы уақытта одан да жоғары жетістіктерге жетелейді деп сенеміз.