2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтарды дәріптеу мақсатында Маңғыстау техникалық колледжінің түлегі Н.Әділхановтың «Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын» бейнеролигін ұсынамыз.
Біздің сайтқа қош келдіңіз!