Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп 9 сынып оқушыларының “Мамандық әлеміне саяхат” атты Маңғыстау техникалық колледжіне экскурсиясы - Маңғыстау техникалық колледжі

Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп 9 сынып оқушыларының “Мамандық әлеміне саяхат” атты Маңғыстау техникалық колледжіне экскурсиясы

Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп 9 сынып оқушыларының “Мамандық әлеміне саяхат” атты Маңғыстау техникалық колледжіне экскурсиясы. 2024 жылдың қазан айының 17 жұлдызында Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары Маңғыстау техникалық колледжіне “Мамандық әлеміне саяхат” атты экскурсияға келді. Экскурсияның басты мақсаты – оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстырып, болашақ кәсіби таңдау жасауға бағыт беру. Экскурсияны ұйымдастырушы Кәсіптік бағдар беруші маман Камшат Амангелдиева мен сынып жетекшілер оқушылардың білім деңгейі мен қызығушылықтарына сәйкес колледжге барды.Оқушыларға колледжде оқытылатын техникалық, өндірістік салалары бойынша мамандықтардың ерекшеліктері колледж оқытушыларының көмегімен таныстырылды. Олар колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен, зертханалармен және өндірістік шеберханалармен танысып, болашақ мамандық таңдау бойынша түрлі кеңестер алды. Экскурсия барысында оқушыларға әр мамандықтың еңбек нарығындағы рөлі, жұмыс орындарындағы қажеттілігі, сондай-ақ оқыту процесі мен оқу бағдарламалары туралы түсінік берілді. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ кәсіби бағыттарын анықтауға және мамандық таңдауында маңызды рөл атқарады. Маңғыстау техникалық колледжіне жасалған бұл саяхат оқушылардың болашаққа деген сенімділіктерін арттырып, оларға кәсіби бағдар беруде пайдалы болары сөзсіз..#кәсіптікбағдар #мамандықтаңдау #маман