Бүгін М.Атымов мектебінің 9-сынып оқушылары колледжге келді.

Бүгін М.Атымов мектебінің 9-сынып оқушылары колледжге келді. Оқушылар колледж мұражайы,оқу кабинеттерін ,,шеберхананы аралап, оқу құрал жабдықтарымен танысты.Кәсіби бағдар беру мақсатында оқушыларға колледж мамандықтары туралы айтылып,сұрақтарына жауап берілді.

Читать далее

«Болашақ кілті-білікті маман»

Бүгін коллежде 18- 22 қараша аралығында өтетін «Болашақ кілті-білікті маман» арнайы пәндер бірлестігінің апталығының ашылуы өтті.Апталық жоспары таныстырылды.Студенттерге ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлыққа ие болды.

Читать далее

Бүгін колледж мейірбикесі А.Аманбаева «Нашақорлық — ғасыр дерті» тақырыбымен студенттерге дәріс оқыды.

Мақсаты- нашақорлық адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған,есірткінің зиянды екенін түсіндіре отырып,саналыққа ,салауатты өмірді таңдауға ,тазалыққа ,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында студенттерге бейнеролик көрсетілді.#біртұтас_тәрбие

Читать далее

Бүгін колледж инспекторы Н.Нухиев ,учаскелік инспектор А.Көшеров студенттермен кездесу өткізді.

Н.Нухиев жасөспірімдер қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, орын алған құқық бұзушылықтарға қолданылатын тәртіптік шаралар туралы хабарлама жасап,студенттердің сұрақтарына жауап берді. #біртұтас_тәрбие

Читать далее

Маңғыстау техникалық колледжінде 12 қараша күні оқытушылар арасында эстафеталық сайыс өтті

Маңғыстау техникалық колледжінде 12 қараша күні оқытушылар арасында эстафеталық сайыс өтті.Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер арасында достықты нығайту, бірлікке жұмылдыру, бұқаралық спортты дамыту .Тартысты өткен сайыста «Достық»командасы жеңіске жетті.»Үздік капитан » өндірістік оқу шебері Ғ Мұратов ,»Ең үздік ойыншы» номинациясымен орыс тілі мен әдебиет пәні оқытушысы И Бекенаева ,» Ең белсенді» география пәні оқытушысы Г.Жұлдыз…

Читать далее

«Ғажайып әлемге-кемел біліммен»

«Ғажайып әлемге-кемел біліммен»жалпы білім пәндерінің апталығында география  пәнінің оқытушысы  Жұлдыз Гүлфариза » Геоэкологиялық аудандастыру» такырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты:Геоэкологиялық аудандастыру ұғымын түсіну; Қазақстанның экологиялық аймақтарын білу;

Читать далее

Бүгін колледжде «Ғажайып әлемге-кемел біліммен»жалпы білім пәндерінің апталығының ашылуы өтті.

Әдіскер Ж.Күзембаев ашылу салтанатында апталық жоспарымен таныстырып,сәттілік тіледі. Апталықтың мақсаты: студенттердің білімге қызығушылықтарын арттырып,ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып,өз бетінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту,мұғалімдер өзара тәжірибе алмасу. Білім жәрмеңкесінде студенттер  әр пән бойынша сұрақтарға жауап беріп ,сыйлықтарға ие болды.Апталық жоспары бойынша әр түрлі сайыстар , сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар қамтылған.

Читать далее

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-қоғам талабы»

Бүгін ұжым қызметкерлерінің қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-қоғам талабы» тақырыбымен ақпараттық танымдық сағаты өтті.Мақсат-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу , заң талаптары,зардабы  туралы ақпараттар берілді. Модератор ТЖО Б.Шанкенова. #біртұтас_тәрбие

Читать далее

Қауіпсіз балалық шақ

«Қауіпсіз балалық шақ» облыстық ақпараттық науқаны аясында АКЖ-04-24топ студенттеріне куратор Н.Сексенқызы «Қауіпсіз және зорлық- зомбылықсыз балалық шақ»тақырыбымен тәрбие сағатын өткізді.Мақсат-зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру және жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу ,адамгершілігі мол, саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. @birtutas_tarbie2024 #біртұтас_тәрбие

Читать далее

Жасөспірімдер арасындағы тұлғалық мінез-құлықтың бейімделуіне байланысты 1-курс студенттеріне темперамент типін зерттеуге арналған сауалнама жүргізілді.

Тақырыбы:Жасөспірімдер арасындағы тұлғалық мінез-құлықтың бейімделуіне байланысты 1-курс студенттеріне темперамент типін зерттеуге арналған сауалнама жүргізілді. Топтық тренинг барасында «Мен орманда жүргенде», «Белгісіз арал» атты жаттығу сәтінде балалар белсенділік танытты.

Читать далее