Колледжішілік WorldSkills–2026 кәсіби шеберлік чемпионатына дайындық барысы кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында чемпионатқа қатысатын білім алушыларды іріктеу, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, заманауи талаптарға сай дайындық жүргізу, сондай-ақ жаттығу үдерісін тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды. WorldSkills – бұл тек жарыс қана емес, ол болашақ мамандардың өз мүмкіндігін көрсетіп, тәжірибе жинақтайтын, кәсіби тұрғыда шыңдалатын маңызды алаң. Осыған орай, колледж ұжымы білім алушылардың теориялық білімін практикамен ұштастырып, халықаралық стандарттарға…