«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан» акциясы аясында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында аумақты тазалау, қоршаған ортаны күтіп ұстау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Тазалық – ортақ жауапкершілік!

Read More

📢 Ата-аналар жиналысы өтті

Білім алушылардың оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында студенттердің оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртіп мәселелері және құқықбұзушылықтың алдын алу бағыттары талқыланды. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы буллинг, интернет қауіпсіздігі, зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ ата-ана мен колледж арасындағы тығыз байланыс орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Бірлескен…

Read More

«Дропперлер: Қылмыскер ме, әлде алаяқтықтың құрбаны ма?»

Ақтау қаласында өткен облыстық дебат турниріне «Дропперлер: Қылмыскер ме, әлде алаяқтықтың құрбаны ма?» тақырыбы аясында біздің колледжіміздің «Жалын» дебат клубы қатысты. Дебат барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өзекті мәселелерді талқылап, сыни тұрғыдан пікір алмасты. «Жалын» дебат клубына алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Read More

Бүгін колледжде оқытушыларға арналған «ЖИ құралдарын сабаққа енгізу»тақырыбында оқу-тәжірибелік семинарды әдіскер Б.Шанкенова өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект платформасының мүмкіндіктерін таныстыру, оны оқу процесінде тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: — жасанды интеллект мүмкіндіктері; — оқыту үдерісіндегі автоматтандыру; — цифрлық білім беру құралдарын тиімді пайдалану.Семинарда оқытушы І.Қрйшыбек «Жасанды интеллект артықшылықтары мен қауіптері » , оқытушылар Ш.Нұрбосынова ,Г.Қошақбаева «Жасанды интеллект платформалары», өндірістік оқу…

Read More

🌸 Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! 🌸

22 наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Бұл күні әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, молшылық пен ырыс бірге келсін! Ақ мол болсын, Жылымыз берекелі, Төріміз мерекелі болсын! Әр күніміз шуақты, Әр ісіміз сәтті болып, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! ✨ Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке, денсаулық пен бақ-береке әкелсін! ✨

Read More

📢 АМАЛ ҚОРЖЫНЫ – 2026 челленджі бастау алды!

📢 АМАЛ ҚОРЖЫНЫ – 2026 челленджі бастау алды! Халықаралық волонтер жылы аясында, Маңғыстау облысы білім басқармасының “Облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы” МКҚК ұйымдастыруымен «Амал қоржыны – 2026» челленджі өз бастауын алды. Аталған игі бастама аясында “Маңғыстау техникалық колледжі” “Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінен” челлендж эстафетасын қабылдады. Жақсылық жасау – ізгіліктің белгісі!…

Read More

«Scaffold карточкалары сабақты жоспарлау құралы »

Бүін колледжде жас мамандардың қатысуымен «Scaffold карточкалары сабақты жоспарлау құралы » тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: Педагогтерінің оқу сабақтарын жобалауда Scaffold (скаффолдинг) құралдарын тиімді қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, құзыреттілікке негізделген оқытуды жүзеге асыруға бағытталған заманауи әдістемелік тәжірибемен таныстыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. «Scaffold технологиясының негіздері» тақырыыбмен әдіскер Б.Шанкенова , «Scaffold құралдарын қолдану арқылы…

Read More

Конституциялық референдум — жаңа ата заң жобасы

Конституциялық референдум — жаңа ата заң жобасы – демократиялық қағидаттардың іс жүзінде жүзеге асуының айқын дәлелі. Халықтың тікелей дауыс беруі арқылы қабылданған шешімдер қоғамның ортақ еркін білдіреді. Бұл үдеріс азаматтардың саяси мәдениетін арттырып, ел өміріне белсенді араласуына жол ашады. Осындай қадамдар арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс беки түседі.

Read More

💛 “Қайырымдылық — жылы жүректен” қайырымдылық акциясы

Колледжімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсету мақсатында “Қайырымдылық — жылы жүректен” қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында студенттер мен қызметкерлер белсенділік танытып, игі іске өз үлестерін қосты. Қайырымдылық – жүректен шығатын ізгілік. Жақсылыққа бірге ұмтылып, мейірім шуағын көбейтуге атсалысқан барша жанға шынайы алғыс білдіреміз. Бірлігіміз бекем, жақсылығымыз көп болсын!#маңғыстаутехникалықколледжі#адалазамат#қайырымдылық

Read More

Aуған соғысының ардагерлері арасында тағылымды кездесу өтті

15 ақпан – Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күніне орай колледжімізде студенттер мен ауған соғысының ардагерлері арасында тағылымды кездесу өтті. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмір жолы, әскери борышты өтеу кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, Отанға адал қызмет етудің маңызы туралы әңгімеледі. Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, ерлік пен батырлықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер жас ұрпақты…

Read More