Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймыз!
Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесіне айналған Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймыз!
Біздің сайтқа қош келдіңіз!
Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесіне айналған Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймыз!
“Қауіпсіз білім беру ұйымы” апталығының жоспарына сәйкес, Маңғыстау техникалық колледжінде Маңғыстау азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімі басшысы Ғ.Шапықов қызметкерлер мен студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нақуов Есембек арнайы киімдер мен жабдықтардың пайдалану әдісін көрсетті. Мамандар жаттығу жиынына қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде WorldSkiils Аktau-2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: студенттердің мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру, жастардың белсенді ұстанымдарын қалыптастыру және оларды әлеуметтік маңызды бар қызметпен айналасуға ынталандыру. Чемпионаттың ашылу салтанатына колледждің әлеуметтік серіктес мекемесі “Дария”МКК инженеры Нұркен Теміржанұлы Қожамбетов, Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығынан Аслан Бағланұлы, “Жаңа…
«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Д-04-21 тобы өндірістік тәжірибе сабағында. Тәжірибе жетекшілері Қ.Ондағанова мен А.Қалдығұл. Тәжірибе мақсаты:Студенттерді оттегі кесу құрал-жабдықтарымен таныстыру, дәнекерлеу іс- тәжірибеде білімдерін жинақтау , дәнекерлеу құрал-жабдықтарды қолдануды үйрету. Студенттерге терең және берік білім беруге, еңбекке деген жоғары кәсіптік шеберлік шығармашылығын қалыптастыру.
«Таза сессия» акциясы басталды. Маңғыстау Техникалық Колледжінде қысқы емтихандар кезеңіне орай «Таза сессия» акциясы басталды. Колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары І.Қойшыбектің басшылығымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Sanaly urpag» клубының ұйымдастыруымен оқу орнында «Таза сессия» акциясы жүзеге асырыла бастады. Шара барысында оқытушылармен және студенттермен таза сессия өткізуге байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар,…
Ардагерлерді ардақтайық! Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 34жыл толуына орай, 14.02.күні Маңғыстау техникалық колледжінің студенттері, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Ж.Жанбуршиев және арнайы пән оқытушысы А.Жубатханова Ауған соғысы ардагері А.Бисемағанбетовпен кездесті. Мақсаты: ардагерге құрмет көрсету, жастарға үлгі ету,патриоттық тәрбие беру. Ахмедияр ағай әскери борышын өтудегі оқиғалар туралы жастарға айтып берді. Колледжіміздің атынан ардагерге сыйлық тапсырылып,…
Психолог Г.Ермуханова студенттермен “Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру. Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт.
Маңғыстау техникалық колледжінде 13.02-17.02.2023ж. аралығында жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әлемді ғылым өзгертер» атты апталығы өтеді. Бүгін апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылу салтанатында жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Камидуллаева сөз сөйлеп, сәттілік тілеп, жоспармен таныстырды. Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Нұрнияз Оралхан Бөкеев шығармашылығы туралы баяндама оқып, қазақтың мақал-мәтелдері туралы ойын ұйымдастырды.Үзілісте студенттер…
«Өмірге «Иә» деп айт!» психологиялық апталық іс-шаралары жоспарына сәйкес, психолог Г.Ермуханова “Жүрек жақсылыққа ашылады” атты пікірталас өткізді. Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Студенттердің өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту, айналасындағыларға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық, жақсылық сезімдерін қалыптастыру және дамыту. Өзара достық, «жақсылық» ұғымдары жөнінде түсінік беру
Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде “Ұшқыр ой мен шешен тіл” тақырыбында өткен облыстық дебат семинар-тренингке “Жалын” дебат клубының жетекшісі А.Жұбатқанова қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.