Маңғыстау техникалық колледжінде 1-курс білім алушыларына 5-9 қыркүйек аралығындағы «Отбасы күні» мерекесіне орай аясында куратор Н Сүлеймен «Отбасы-Отанымыздың алтын діңгегі» тақырыбында топ сағатын өткізді.
Топ сағатында Отбасы құндылықтары туралы ақпарат беріліп, тақырып аясында тамашаланған видеоролик талқыланды. Білім алушылар адамның жеке тұлға болып қалыптасуында қоғам мен ата-ананың маңызын түсінді.
Бүгін студенттер «SAPSAN»стратегиялық орталығы директоры Ж.О.Сүлейменовпен еркін форматта сұхбаттасты.
Жандаулет Отарбайұлы дін саласындағы мемлекеттік ұстаным және дін мен мәдениет қатынасы төңірегінде ақпарат беріп,студенттердің сұрақтарына жауап берді.Тәрбиелік мәні бар шарада студенттер көп мағлұмат алды
Ана тілің- арың бұл
06 қыркүйек күні колледжде оқытушылардың қатысуымен «Ана тілің- арың бұл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Қатысушылар тіл туралы ой- пікірлерін білдірді.#біртұтастәрбие #оқуғақұштарколледж
Бүгін, 05.09.2024, «Адалдық сағаты» тақырыбында сабақ өтті.
«Адалдық сағатына «Заңғар асу» үкіметтік емес ұйымының төрайымы А.Дүйсенбаева қатысты. Кездесуде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері , заң бұзушыларға қолданылатын жазалар туралы талқыланды. Жас студенттерге құқықтық сауаттылық, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтар берілді. Шарада студенттерге бейнеролик көрсетілді. #біртұтас_тәрбие #саналыұрпақ
Бүгін Маңғыстау техникалық колледжі оқытушыларына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша семинар өтті.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде 2024-2025 оқу жылына тәрбие жұмысы ұйымдастырылатын болады. Мақсаты: кәсіби интеллектуальды және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті азамат және патриот ретінде студентті жеке тұлға ретінде қалыптастыру,дамыту,өзін -өзі дамытуды жүзеге асыру және әлеуметтендіру үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Бүгін колледж қызметкерлері Президент Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан :заң мен тәртіп,экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» жолдауын талқылады.
2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Алдағы уақытта жұмысшы мамандығына сұраныс артады .Жолдау туралы оқытушы Қ.Оңдасынұлы өз пікірін білдіріп, техникалық және кәсіптік білім саласына реформа жүретіне қуанышты екенін жеткізіп,жақсылықтан үмітті екенін атап өтті.
02 қыркүйек күні колледж студенттеріне “Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!” атты бірыңғай тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: 1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс. 2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру. 3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау. Шара соңында 1 курс студенттеріне әрбір мамандық жайында толық мәліметтер беріліп,…
Білім күні. Бейбітшілік күні!
2024 жылдың 1 қыркүйек күні Маңғыстау техникалық колледжінде 1 қыркүйек — «Білім күніне» орай «Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Мақсаты: Білім алушылардың білімге деген ұмтылысын ояту, олардың бойында бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, патриотизм, азаматтық сана құндылықтарын дарыту. 1-қыркүйек Білім күні және жаңа оқу жылының басталуы құтты болсын!
