🇰🇿WorldSkills Kazakhstan-2025🇰🇿
🇰🇿WorldSkills Kazakhstan-2025🇰🇿 Байқаудың бірінші күні. ⭐️Конкурс 4-6 желтоқсан аралығында өтеді. Маңғыстау облысы бойынша колледжден 43 құзыреттіліктен 51 студент өздерінің шеберліктерін сынайды. Барша қатысушыға сәттілік!#маңғыстаутехникалықколледжі #worldskills2025🏅
Worldskills Aktau–2024
Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде «Worldskills Aktau–2024» кәсіби шеберлік чемпионатының колледжішілік іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Шараға әлеуметтік серіктес мекеме басшылары,ардагер ұстаз Н.Бердіғалиұлы, ,ата-аналар, АMANAT партиясы Маңғыстау аудандық филиалының төрағасы Ш.Барахатов , Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Қойсарин, Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы директоры А.Бағланұлы қатысты.Колледж студенттері 6 құзыреттілік бойынша чемпионатқа қатысады.
«Үздік өндірістік оқыту шебері»
2025 жылғы 18 желтоқсан күні Маңғыстау туризм колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Үздік өндірістік оқыту шебері» облыстық байқауы өтті. Байқауға 7 қатысушы өз кәсіби шеберлігін сынға салды. Аталған іс-шараға қазылар алқасының мүшесі ретінде Маңғыстау техникалық колледжінің өндірістік оқу жөніндегі орынбасары Бусаханов Таңатар қатысып, қатысушылардың жұмысына әділ…
Шайыр ауылында кәсіптік бағдар беру жұмыстары өтті.
Бүгін Шайыр ауылындағы Т.Жалғасбаев атындағы оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқытушылар колледждегі мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесіп, олардың кәсіби қызығушылықтарын анықтауға бағытталды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жас буынның болашаққа нық қадам басуына ықпал…
20 наурыз- Ұлттық спорт күні
Маңғыстау техникалық колледжінде 20.03.2024 ж күні Наурыз мерекесіне орай белгіленген спорт күніне арналған ұлттық спорт түрлерінен оқушылар арасында сайыс өткізілді. Оқушылар арқан тарту, қол күресі, асық ату ойындарынан өзара сайысқа түсті #наурызнама #біртұтас_тәрбие #Маңғыстауоблыстықбілімбасқармасы
Хабарландыру !
03маусымнан» Таза сессия» акциясы ұйымдастырылуда.Қандай да бір сыбайлас жемқорлық фактісі анықталса,сенім телефонына хабарласуға болады.#тазасессия #сыбайласжемқорлыққақарсымыз
«Ашық есік»күніне қатысты
Бүгін колледжге Шетпе селосындағы 7 мектеп -лицейдің 9-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беруші маманы А.Ж.Мұратқызының жетекшілігімен келіп, кәсіптік бағдар жоспарына сәйкес «Ашық есік»күніне қатысты.Оқушылар оқу орны тарихынан сыр шертер мұражаймен танысып, оқу шеберханасында оқытушылар өткізген шеберлік сағаттарына қатысты.
Бүгін бітіруші топ студенттері Маңғыстау аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы Ғ.М.Тайшаевпен кездесті.
Мақсаты-көктемгі әскерге шақыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу,әскери оқу орнындарына оқуға қабылдау бойынша бағыт, бағдар беру
«Студенттер еңбек ардагері Тамара Емзееваны 1 мамыр мерекесімен құттықтады»
Бүгін студенттер 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында байланыс саласының еңбек ардагері Т Емзееваны мерекемен құттықтап барды.Тамара әже ауданның байланыс саласында 45 жыл үздіксіз , адал еңбек еткен.Бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған әже. Тамара әже студенттерге еңбек жолы туралы әңгімелеп, оларға ризашылығын білдіріп, тілегін айтты. #біртұтастәрбие.
