“Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті” тақырыбында тренинг өткізді.

Психолог Г.Ермуханова студенттермен “Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Қоғамдық қасіретке әкелетін бұл материалдық құндылықтар дағдарысынан шығу және оны жою дұрыс әрекет етуден туындайтынын ұғындыру. Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін дерт.

Читать далее

13.02-17.02.2023ж. аралығында жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әлемді ғылым өзгертер» атты апталығы өтеді

Маңғыстау техникалық колледжінде 13.02-17.02.2023ж. аралығында жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әлемді ғылым өзгертер» атты апталығы өтеді. Бүгін апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылу салтанатында жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Камидуллаева сөз сөйлеп, сәттілік тілеп, жоспармен таныстырды. Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы А.Нұрнияз Оралхан Бөкеев шығармашылығы туралы баяндама оқып, қазақтың мақал-мәтелдері туралы ойын ұйымдастырды.Үзілісте студенттер…

Читать далее

психолог Г.Ермуханова “Жүрек жақсылыққа ашылады” атты пікірталас өткізді

«Өмірге «Иә» деп айт!» психологиялық апталық іс-шаралары жоспарына сәйкес, психолог Г.Ермуханова “Жүрек жақсылыққа ашылады” атты пікірталас өткізді. Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Студенттердің өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту, айналасындағыларға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық, жақсылық сезімдерін қалыптастыру және дамыту. Өзара достық, «жақсылық» ұғымдары жөнінде түсінік беру

Читать далее

“Ұшқыр ой мен шешен тіл” тақырыбында өткен облыстық дебат

Х.Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде “Ұшқыр ой мен шешен тіл” тақырыбында өткен облыстық дебат семинар-тренингке “Жалын” дебат клубының жетекшісі А.Жұбатқанова қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.

Читать далее

Құттықтаймыз!

Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының 140жылдығына орай ұйымдастырылған “Заманының заңғар биігі” тақырыбындағы аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында іс-тәжірибиесімен бөліскені үшін А.Аманиязоваға, А.Камидуллаеваға, 2-курс студентіміз М.Есенұлына, жетекшісі Н.Тәжиеваға сертификат табысталды.

Читать далее

«Өмірге «ИӘ» деп айт!» тақырыбында апталықтың ашылуы өтті

Суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында «Өмірге «ИӘ» деп айт!» тақырыбында апталықтың ашылуы өтті. Колледжіміздің психологі Г.Ермуханова колледж студенттерін апталықтың жоспарымен таныстырып, аталған шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Читать далее

Жас талапкерлерді жұмысшы мамандығын игеру үшін оқуға шақырды

Бүгін Нұн Жұбаев Орта Мектебінде ұйымдастырылған “Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда” мамандық таңдау кешінде әдіскер Ж.Утарбаева мен Тжо І.Қойшыбек қонақ болып қатысты. Шараға Маңғыстау ауданындағы әр түрлі маман иелері қатысып,өз мамандықтары туралы ақпарат беріп, мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, оқушыларға сәт-сапар тіледі. Қонақтар өз мамандығы бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Колледжіміз туралы дайындаған бейнеролик көрсетіліп, әдіскер Ж.Утарбаева…

Читать далее

Студенттер әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы талқылап, өз ойларымен бөлісті

Интернет адамдардың өмірін едәуір жеңілдетті. Қазір барлық қажеттілікті үйден шықпай, электронды түрде орындай алуға мүмкіндік бар. Интернеттің көмегімен, басқа мемлекеттердегі адамдармен байланысуға болады. Дегенмен, ғаламтордың зияны да бар. Ең біріншісі – ғаламторға тәуелділік проблемасы. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында А.Адайбаева студенттерге тәрбие сағатын…

Читать далее

А.Жилкишиевтың шеберлік сабағы

Арнайы пән оқытушысы А.Жилкишиевтың шеберлік сабағы. Сабақтың мақсаты: Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру. Қажетті құрылыс материалдарын таңдауға үйрету.Құрастыру барысында үлгіге сәйкес талаптарды орындап,құрылыс материалдарын кеңістікте орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Құрылысшы — әртүрлі мақсаттағы ғимараттарды салуға және абаттандыруға байланысты мамандықтардың жалпы тізімінің жалпы атауы. Техник — құрылысшы түрлі меншік нысанындағы құрылыс ұйымдарында, күрделі құрылыс, өнеркәсіптік және…

Читать далее