Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Маңғыстау техникалық колледжі - Біздің сайтқа қош келдіңіз! - Page 38

«Қауіпсіз интернет»

5 ақпан күні АЭ-09-24тобында куратор А.Олжабаева тоьында «Қауіпсіз интернет» туралы танымдық сағатын өткізді.Мақсаты-интернет пайдаланудың артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру , уақытты,тиімді пайдалануды ұғындыру.

Read More

25-қазан Республика күніне орай АЭ-08-23 тобында «Республикам мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

25-қазан Республика күніне орай АЭ-08-23 тобында «Республикам мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Студенттердің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыруға тәрбиелеу. Топ жетекші Н.Тәжиева республика күні мерекесінің тарихымен таныстырып, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар туған жер,ел туралы өлеңдер оқыды. #біртұтастәрбие

Read More

Хабарландыру !!! Маңғыстау техникалық колледжі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.

Хабарландыру !!! Маңғыстау техникалық колледжі бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды. ​ ​ ​ Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды. Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу…

Read More

АИТВ/ЖИТС инфекциясының таралу қарқынын азайту

25 ақпанда  Маңғыстау техникалық колледжінде «АИТВ/ЖИТС» тақырыбымен Маңғыстау аудандық емхананың  дәрігер-эпидемиолог Ә.Қожахметова студентерге  түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында ЖИТС инфекциясының таралу қарқынын азайту және АИТВ  имун тапшылығы вирусының жұқтыру жолдарын түсіндіру.Іс шарада Ә.Қожахметова АИТВ  туралы кеңінен түсіндіріп,ақпараттық буклеттерді үлестірді.

Read More

«Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК бойынша 2023 жыл қортындысы.

«Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК бойынша 2023 жыл қортындысы. «Маңғыстау техникалық колледжі» МКҚК –өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту мақсатында, техникалық мамандар дайындау бағытында қызметін жүзеге асырады.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сай күндізгі оқу формасында 5 мамандық, 8 біліктілік бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беру базасында жүзеге асырылады. Академиялық дербестік негізінде мемлекеттік жалпыға бірдей…

Read More

ЕҢБЕК АДАМЫ

  📌 Қызылбаев Есет – «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау және жөндеу цехында 5-дәрежелі слесарь-жөндеуші болып 26 жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Есет Қызылбаев 1993-1996 жылдары «Ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемді тракторист-машинист» мамандығы бойынша білім алып, 44-топта оқыған. Бүгінде сол жылдары алған білімі мен өмірлік тәжірибесін ұштастыра отырып, өз саласында…

Read More

Маңғыстау техникалық колледжінде Т-04-24 тобына топ жетекшісі Ғ.Нұртаңатұлы  «Еңбек түбі береке» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді

Маңғыстау техникалық колледжінде Т-04-24 тобына топ жетекшісі Ғ.Нұртаңатұлы  «Еңбек түбі береке» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар еңбек ету, табандылық пен ынтаның маңыздылығын түсініп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбие сағатында   әрбір оқушының еңбектің берекесі туралы жеке ойларын ортаға салып,  тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай іс- шаралар  жастарға еңбек етуге, мақсат қоюға және соған…

Read More

💛 “Қайырымдылық — жылы жүректен” қайырымдылық акциясы

Колледжімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсету мақсатында “Қайырымдылық — жылы жүректен” қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында студенттер мен қызметкерлер белсенділік танытып, игі іске өз үлестерін қосты. Қайырымдылық – жүректен шығатын ізгілік. Жақсылыққа бірге ұмтылып, мейірім шуағын көбейтуге атсалысқан барша жанға шынайы алғыс білдіреміз. Бірлігіміз бекем, жақсылығымыз көп болсын!#маңғыстаутехникалықколледжі#адалазамат#қайырымдылық

Read More

“Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін” атты библио- кросс өткізілді

“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында колледж кітапханасында “ Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін” атты библио- кросс өткізілді. Студенттер оқыған кітаптары туралы әңгімелеп, қызықты сюжеттерін айтып, оралымды ойларын ортаға салған ашық әңгіме болды. Және қасындағы достарына кітап оқуға кеңес берді. Шараның мақсаты: студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Read More

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР МЕН АТА-АНАЛАР! ​

Маңғыстау техникалық колледжінің әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына және диплом табыстау салтанатына байланысты келесі маңызды ережелерді қаперіңізге салады: 📌​Сыйлықтар мен алымдарға тыйым: Оқытушылар құрамына сыйлық жасау мақсатында немесе өзге де себептермен ақша жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді; 📌Сыртқы қызметтерді шектеу: Шараға аниматорларды, мерекелік студиялар мен арнайы агенттіктерді тартуға рұқсат жоқ; 📌Колледж қорына ақша жинамау: Оқу орнының…

Read More