Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметті отандастар! Сіздерді ұлы мейрам — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз — халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, үлкенді-кішіге қамқорлық пен мейірімділік көрсету, үлкен үміт пен жаңа жетістіктерге жол ашатын мереке. Баршаңызға мол денсаулық, баянды бақыт, жанұялық тыныштық пен молшылық тілейміз! Әр күніңіз қуаныш пен игілікке толы болсын! Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа береке, жарқын болашақ әкелсін!…
20 наурызда –Наурыз-думан өтті
«Наурызнама» онкүндігі аясында кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен 20 наурызда –Наурыз-думан өтті. Бұл мерекенің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау болып табылады. Ұлттық ойындар, сайыстар өткізіліп,мерекенің ажарын аша түсті. Мерекені колледж ұжымы ұйымшылдықпен, ұлттық сән-салтанатпен атап өтті.
«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»
Бүгін дене тәрбиесі оқытушысы Ж.Ізгуов «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» ұлттық ойындардан сайыс өткізді.Мақсаты- ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу,ұлттық дәстүрді дәріптеу ,ұлттық ойындардың ғасырлар бойы ұмытылмауын насихаттау.Сайыс қортындысында 2 курс командасы жеңімпаз болып ,2 орын 3 курстарға , жүлделі 3 орынды 1 курс командасы місе тұтты.
Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие.Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы»Б. Момышұлы
Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиылы мен қиян бітіскен ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы.Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысының шапшаң етіп, ептілікке, икемділікке үйретеді, көзінің қырағылығын, қол табандылығын, сан гаммаларының жұмбақ жақтарын, ал қол иірімдері икемділігінің артуына көмектеседі.Асық ойыны – ұлттық өнердің бір түрі,…
Наурызнама онкүндігі: Ұлттық киім – ұлт келбеті
Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Қазақтың ұлттық киім күні. Ұжымдастар көздің жауын алатын зерлі камзолдар, оюлы шапандар, әсем кимешектер мен сәукелелер жарқырады. Әрбір киім қазақ халқының терең тарихынан сыр шертіп, ұлттық болмысымыздың айқын бейнесіне айналды. Бұл шара жастарға ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды сақтап, жаңғыртуға тамаша мүмкіндік берді. Ұлттық киім – ұлт…


Амал мерекесі – бұл наурыздың 14-інде атап өтілетін ерекше мейрам
Амал мерекесі – бұл наурыздың 14-інде атап өтілетін ерекше мейрам. Ол Қазақстанның батыс өңірінде кеңінен тойланады және көрісу күні деп те аталады. Бұл күн адамдар бір-бірімен қауышып, қол алысып, амандасып, өкпе-ренішін кешіріп, үлкендерге ізет білдіретін мейрам. Амал мерекесі құтты болсын!Көктемнің шуағымен бірге келген бұл күн баршамызға амандық, ырыс-береке, молшылық әкелсін. Ұлыс оң, ақ мол, әр…