📢 15 шілдеден бастап | ІШКІ ТАЛДАУ

Маңғыстау техникалық колледжінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Ішкі талдаудың мақсаты – оқу ордамызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен әділдік қағидаттарын нығайту. 📌 Талдау қорытындысы колледж қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталады. 📢 С 15 июля | ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ В Мангистауском техническом колледже будет проводиться внутренний анализ коррупционных рисков. Цель внутреннего анализа — предупреждение…

Read More

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша студенттерге демонстрациялық емтихан өткізілді

2026 жылғы 22 маусымда Маңғыстау техникалық колледжінде 07150500 – «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша студенттерге демонстрациялық емтихан өткізілді. Демонстрациялық емтихан барысында білім алушылар өздерінің теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетіп, мамандыққа қатысты тапсырмаларды орындады. Емтихан жұмысына тәуелсіз сарапшы ретінде Маңғыстау облысының еңбек мобильдігі орталығы КММ «Маңғыстау аудандық мансап орталығы» филиалы басшысының міндетін уақытша атқарушы…

Read More

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР МЕН АТА-АНАЛАР! ​

Маңғыстау техникалық колледжінің әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына және диплом табыстау салтанатына байланысты келесі маңызды ережелерді қаперіңізге салады: 📌​Сыйлықтар мен алымдарға тыйым: Оқытушылар құрамына сыйлық жасау мақсатында немесе өзге де себептермен ақша жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді; 📌Сыртқы қызметтерді шектеу: Шараға аниматорларды, мерекелік студиялар мен арнайы агенттіктерді тартуға рұқсат жоқ; 📌Колледж қорына ақша жинамау: Оқу орнының…

Read More

«Білім берудің инновациялық жағдайында колледж әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігі»

12-22 мамыр аралығында Атырау қаласында TALAP коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастырумен «Білім берудің инновациялық жағдайында колледж әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында әдіскер Б.Шанкенова біліктілік арттыру курсынан өтті.Курс барысында педагогтарды әдістемелік сүйемелдеу , авторлық бағдарлама дайындау жолдары , әдістемелік өнім дайындау алгоритмі туралы білімін жетілдірді.#курс ТЖКБ # TALAP

Read More

«Білім берудегі менеджмент: колледж басшысының орынбасарлары үшін бизнес тәсілдер мен процестерді басқару»

«TALAP» АҚ-ның ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында ағымдағы жылдың 12–22 мамыр аралығында «Білім берудегі менеджмент: колледж басшысының орынбасарлары үшін бизнес тәсілдер мен процестерді басқару» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтуде. Аталған курсқа Маңғыстау техникалық колледжі басшысының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Ж.Кузембаев қатысуда. Курс барысында білім беру ұйымдарын тиімді басқару, бизнес-процестерді ұйымдастыру, заманауи менеджмент тәсілдерін енгізу және басқарушылық құзыреттерді…

Read More

Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Маңғыстау техникалық колледжінде төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Аталған іс-шара барысында өрт кезінде әрекет ету, қауіпсіздік шараларын сақтау және жедел әрекет ету дағдылары пысықталды. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттер мен қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі дайындығын арттыру. Осындай тәжірибелік сабақтар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Read More

«Таза Қазақстан» акциясы

«Таза Қазақстан» акциясы аясында колледждің оқытушылары тазалық жұмыстарын жүргізді. 🌿 Қоршаған ортаны қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Табиғатты аялау арқылы болашаққа қамқорлық жасаймыз! 🍃

Read More

Түйешіұлы Бостанғали Серікбаевті еске алуға арналған шағын футбол турнирі өтті

Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, газ шаруашылығының еңбек ардагері Түйешіұлы Бостанғали Серікбаевті еске алуға арналған шағын футбол турнирі өтті. ⚽ Аталған жарысқа Маңғыстау техникалық колледжінің ер азаматтары қатысып, тартысты ойын нәтижесінде жүлделі III орынды иеленді. 🏆 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Read More

Жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған “Young Teacher Fest” сайысы жоғары деңгейде өтті 🎉

Жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған “Young Teacher Fest” сайысы жоғары деңгейде өтті 🎉 Сайысқа қатысқан “ЗердеХ” және “Жаңа жол” командалары өзара тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар білімдері мен креативтіліктерін танытып, ерекше белсенділікпен көзге түсті. Іс-шара барысында жас ұстаздар тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты нығайтты. Сайыс нәтижесінде достық пен кәсіби рух жеңіске жетті ✨

Read More

Студенттеріміз облыстық деңгейде өткен дебат сайысына белсене қатысты 🎤

Студенттеріміз облыстық деңгейде өткен дебат сайысына белсене қатысты 🎤 Пікірсайыс тақырыбы: “Білім берудегі ЖИ: даму ма әлде деградация ма?” болды. Дебат барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім саласына әсері туралы өз ойларын ортаға салып, тың дәлелдер мен ұтымды аргументтер келтірді. Біздің студенттер жоғары дайындықтарын көрсетіп, сыни ойлау, шешендік қабілеттерін дәлелдей білді. Осындай зияткерлік алаңдар жастардың жан-жақты…

Read More